Ауыл мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық «А. Байтұрсынұлы оқулары-2021» білім сайысының АНЫҚТАМАСЫ

➡ 2021 жылы 9 қараша күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының мәжіліс залында А. Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған облыстық білім сайысы өткізілді. Сайыстың мақсат, міндеттері: Алаш қозғалысының қайраткері А. Байтұрсынұлының ағартушылық бағыттағы мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау, Мектеп оқушыларының ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру; Жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру; Дарынды оқушыларға қолдау жасау. …